Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

30 ЖАҢА АВТОБУС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

c 17:36, 17/06/2021 c 810

0:00 / 0:00

Нөмірі 22-ші қоғамдық көліктің автобустары соңғы рет 2007 жылы ауыстырылған. Содан бері 14 жыл өтті. Автобустар ескіріп, күн ара сынып, тіпті кешкі 9-дан кейін жұмысын тоқтатады. Жалпы, шаһар тұрғындары қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты жиі сын айтып, қызмет сапасын жақсартуды талап етіп келген болатын. Соны ескере келе, қала билігі 30 су жаңа автобус сатып алған. Автопарк өкілдерінің айтуынша, 30 автобусқа жұмсалған 1 млрд. 587 млн. теңгенің 20-пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған. Нөмірі 22-і маршруттағы бұрынғы автобустар 4-ші маршрутқа беріледі.
Өңір басшысы су жаңа автобустардың кілтін жүргізушілерге табыстады. Айта кету керек, жаңа автобустар қазақстандық зауытта құрастырылған. Жыл соңына дейін үлкен, орта және шағын класты 125 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Қала ішінде өз жұмысын бастаған бұл жаңа автобустарда барлық жағдай жасалған. Бастысы кембағал жандарға мініп- түсуге қолайлы. Қоғамдық көліктерге 60 жүргізуші жұмысқа алынатын болады. Оған қоса жолаушыларға электронды билет жүйесін қалай қолдануды үйрету үшін арнайы контрелерлар жұмыс жасайды.
Бастысы алдағы уақытта жолақы бағасы көтерілмейді. Жалпы, облыс орталығында жолаушылар тасымалымен алты кәсіпорын айналысса, 450 қоғамдық көлік осы қызметпен шұғылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.