Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«2020 жылғы қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі»

c 17:45, 26/01/2021 c 524

0:00 / 0:00

2021 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Комиссияда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Transparency Kazakhstan ұйымымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің 2020 жылғы мониторингі: тұрғындар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік сұрау, «Ашық диалог» порталындағы өтініштерді талдау» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы туралы баяндады.Азаматтардың 37,4%-ы және кәсіпкерлердің 45,9%-ы соңғы жылы елді мекендеріндегі сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетті. Респонденттердің 11,3%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған. Шағын және орта бизнес өкілдерінің 8,2%-ы мәселені бейресми жолмен шешу қажеттілігіне кезіккен. Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі атап өткен жөн: Сұралған кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға әбден болады деп есептейді. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін хабарлаған.
Жүргізілген зерттеу қорытындысы өңірімізде жемқорлық көріністері құқық қорғау органдары, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында кең таралғандығын көрсетті. Жиын қорытындысы бойынша өңірімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар қабылдау туралы ұсыныстар негізінде арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғам белсенділерін енгізу. Олардың ұсыныстары мен ескертулерін ескеріп, 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылдандыІс-шара соңында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаев: «Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында нақты басымдықтар қойылғанын атап өтті.Бұдан соң басқарма басшысы облыс әкімі Ғ.Н. Есқалиевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне қосқан үлесі үшін Агенттік Төрағасы А.Ж.  Шпекбаевтың «Құрмет грамотасын» тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.