Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

200 жүзімнің 170 түрі сынақтан өтуде

c 16:29, 01/07/2020 c 724

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық Қайрат Кәрімовтің есімі ерен еңбегі арқасында елге танымал. Оралдық кәсіпкер соңғы жылдары алма өсірумен шындап шұғылданып, тәжірибелік бақ отырғызған. Осы арқылы бағбан батыстың аптап ыстығы мен аязына бейімделген, жоғары өнім беретін жеміс сұрыптарын анықтамақшы. Жалпы аумағы 7 гектар жерді алып жатқан бақта алманың 200, жүзімнің 170 түрі сынақтан өтуде.
Жергілікті бағбан өз қаржысына эксперименталды бақ өсіруде. Тәжірибелік бақ Сергей Исаевтің атымен аталады. Орыс алмасының даңқын аспандатқан көрнекті ғалым 40-тан астам жеміс сортын шығарса, оралдық бағбан соның 34 түрін отырғызыпты. Қалғаны жигули алмалары мен белгілі селекционер Леонид Котовтың коллекциясынан. Барлығы 200 алма түрі бар. Қай-қайсысы да кездейсоқ егілмеген, батыс өңірінің ауа райына шыдамды, мол өнім беретін жеміс түрлері. Мақсат – осылардың арасынан ең лайықтысын тауып таңдау.Алматының апорты немесе Польшалық имортпен тасымалданатын алманы білетін халықтың шынтуайтына келгенде, ең тәтті, ең пайдалы алма Ақжайық топырағында өсетінін жалпақ жқр біле бермейді. Дәрумендер мен антиоксиданттарға бай, биохимиялық құрамының ерекше болуы ауа райына байланысты екен. Алмамен қатар Қайрат Кәрімов дәмі тіл үйірер жүзімнің 170 түрін сынақтан өткізуде. Ал келешекте өнеркәсіптік бақ егуді көздеп отыр. Осы мақсатта 85 гектар жер алыпты. Оралдық бағбанның бастамасына барынша қолдау көрсетілмек.Бүгінде өңірде алмалы алқаптардың жалпы аумағы 142 гектар болса, соның 118 гектары жеке тұрғындардың ауласында екен. Соңғы 7 жылда жаңадан бірде-бір алма бағы егілмеген. Алдағы уақытта Ақжайықтағы алма шаруашылығының алға басуына Қайрат Кәрімовтің ізденістері өз септігін тигізбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.