Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 БАЛА ТЕГІН ФИЛЬМ КӨРДІ

c 16:48, 06/10/2021 c 1449

Ұстаз ұлы есім. “Елбасы Медалі” жобасының өңірдегі координаторлары қатысушылар мен тәлімгерлерге арналған қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шаһардағы ірі ойын-сауық орталығының кинозалын жалға алып, тегін фильм көрсетті. Шәкірт тәрбилеу қандай ұлағатты мамандық екені баяндалған жас ұстаз жайлы фильм таңдалған. Мұндай ілкімді істердің арқасында “Елбасы Медалі” жобасының қатысушылары мен тәлімгерлері арасында бірлік пен ынтымақ артары анық.

Тегін фильм көруге 100-ден аса оқушы келді. Барлығы “Елбасы Медалі" жобасының қатысушылары. Елбасы қоры арқылы жүзеге асып отырған бірегей жоба 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Өзін-өзі дамытуға бағытталған байқауда биыл өңір намысын 565 бала қорғап жатыр. 130 оқушы қола жүлде иегері атанып үлгерді. Күміс және алтын алуға ниетті дарынды оқушылар дайындықты бастап кетіпті.

Айта кетсек, байқауға қатысушылар 14 пен 29 жас аралығында болуы тиіс. Ал олардың білімі, мамандығы, тұрғылықты орны маңызды емес. Демек, «Елбасы медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иелене алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.