Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1-шілдеден бастап пик қызметін тоқтатады

c 17:39, 13/06/2022 c 621

0:00 / 0:00

1-шілдеден бастап пәтер иелері кооперативі өз қызметін тоқтатады. Олар осы уақытқа дейін тұрғын үйлер қызмет етіп, жылыту маусымына дайындап келді. Кейбір жұмысын адал атқаратын кооперативтер тіпті подъездерді жөндетіп, ауласын да жиыстырып жүрді. Қазіргі таңда көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерімен бірлесіп, қай серіктестікті таңдайтынын шешуі керек.

2019 жылы елімізде тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістің нәтижесінде 1-шілдеден бастап пәтер иелері кооперативі қызметін тоқтады. Оның орын меншік иелері бірлестігі мен жай серіктестік алмастыруы керек.

Күні бүгінге дейін облыс орталығында 103 пик қызмет жасап жатыр. Өткен жылғы дерек бойынша тұрғындар 300 млн теңгеден астам қаражат қарыз екен. Пик қызметін тоқтатады деп коммуналдық төлемді төлемей отырған тұрғындар да бар. Орал қаласында 399 үйдің тағдыры беймәлім. Олардың тұрғындары әлі белсенділік танытпай отыр. Қауымдастық төрағасы заңнамада шикілік көп,- дейді.

Ал, тұрғын үй коммуналды шаруашылығының жанынан құрылған меншік иелері кооперативінің өкілдері оптимисттік көзқарасты ұстанып отыр. Олар тұрғындарға түрлі кеңес беріп, туындаған сұрақтарына жауап береміз.- дейді. Үйлеріне жауапкершілік алмай, қандай да бір басқару түрін таңдамай қалған үйлердің жағдайы қалай болады? Бұл қалада апатты үйлердің санын арттырмай ма? -деп сұрадық. Жауап мынадай.

Меншік иелері бірлестігі мен жай серіктестік толыққанды жұмыс жасауы үшін жергілікті мәслихат арнайы тариф бекітуі тиіс. Көршілер бірлесіп, баспананың жоқ-жітігін түгендеп, күрделі жөндеуге ақша жинайды. Бұл- оптимисттік сценарий. Алайда коммуналдық төлемнің ақысын төлеуді жорта естен шығаратын жандар үйіне жауапкершілік алмаса, баспана жағдайы нашарлай түспек. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жай серіктестік құру үшін тұрғындардың барлығының келісімі керек. Ал, меншік иелері бірлестігінің 51 пайызы қолдаса болғаны. Тұрғын үй саладасындағы жаңашылдық тұрғындардың жауапкершілігін арттырады ма әлде қалада апатты баспана саны артады ма ол уақыттың еншісіндегі мәселе.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.