Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КРОССОВЕР ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ ҚАҒЫП КЕТКЕН

c 06:52, 10/10 c 1

0:00 / 0:00

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы болып, кроссовер бірнеше көлікпен соқтығысып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Апат сәті басқа көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған. Кадрлардан кроссовердің алдымен артқа қозғалып келе жатқан көлікпен соқтығысқаны көрінеді. Соққыдан кейін көлік басқарудан айырылып, тротуарға шығып кеткен. Сол жерде жаяу жүрген адамдарды, соның ішінде велосипед мінген тұрғындарды қағып, кейін кептелісте тұрған басқа көлікке соғылған. Алматы облысының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.