Коммуналдық кәсіпорындар қысқа қаншалықты дайын? БҚО әкімі Ғали Есқалиев "Жайық таза қала" кәсіпорнының жұмысын аяқтай барып тексерді. Коммуналдықтар маусымдық жұмыстарды абыроймен еңсере ала ма? Техникалары мен жұмыс күші жеткілікті ме?
"Жайық таза қала" ЖШС қазір екі ауысымда жұмыс жасап жатыр. БҚО әкіміне кәсіпорын өкілдері 140 бірлік технпика мен 700 дей жұмысшы қысты қарсы алуға әзір тұрғанын мәлімдеді. Қала тазалағын қамтамасыз ету үшін тағы 150дей жұмыс күшін тарту жоспары бар екен.
Директордың сөзіне сенек, қысы жазы жүретін техникаларда ақау жоқ, маусымға сақадай сай. Тек ғаламтор әлсіздеу. Егер осы мәселені шешсе әр қала тұрғыны кәсіпорын жұмысшылары мен технкасы қай ауданда қандай жұмыс жасап отырғанын бақылап отыра алады. Аймақ басшысы цифрландыру мәселесі кенже қалмай, ғаламтор жеделдігін шешуді тапсырды.
Жайық таза қалаға аяқтай барған Ғали Нәжімендееұлы коммуналдықтар жұмысына раз болып, аз кем ұсыныстары мен тілектерін айтты. Және биыл ақ мамықты күреуге кәсіпорын толықтай дайын болып, кемшіліктердің орны толарына сенім білдірді.