Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Рекламный отдел: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Новости

13:30

Новости

18:30

Новости

21:00

Новости

«Ұрпақтар естелігі» атты концерт өтті

c 18:14, 05/05 c 1

Өткен демалыс күндері «Ұрпақтар естелігі» атты концерт өтті. Іс-шара Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналды. Ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар бейбітшілікті қорғаған жандарға алғыс білдіру мақсатында бас қосты.

Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпақтар естелігі» атты концерт ұйымдастырылды. Шараға қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер мен жастар қатысты.Олар жеңісті жақындатқандар рухына тағызым етіп, ардагерлерге бас иіп алғыс білдірді.

Салтанатты кеш барысында жауынгерлік ұрыстарға қатысқан ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Марапатқа Ауған соғысына қатысқандар, Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтегендер, әскери-теңіз күштері мен Германиядағы Кеңес әскерінің ардагерлері ие болды.

Концерттік бағдарламада патриоттық әндер мен өлеңдер шырқалып, ардагерлер ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Сахна төрінде әскери қызмет туралы естеліктер айтылып, алғыс пен жас ұрпақты батырларды ұмытпауға үндеген жүрекжарды үндеулер жолданды.


Все материалы размещенные на сайте tdk42.kz защищены авторским правом и являются собственностью телеканала ТДК-42. Любое копирование возможно с согласия редакции телеканала или с обязательным указанием гиперссылки на источник материала tdk42.kz