Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Рекламный отдел: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Новости

13:30

Новости

18:30

Новости

21:00

Новости

Қызметке көрсетілген құрмет

c 18:03, 06/05 c 2

Оралда тәртіп сақшыларының еңбегі бағаланды. Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Мұрат Байменов күштік құрылым қызметкерлеріне адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Мереке иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 Орал қаласының әкімдігінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Мұрат Байменов құқық қорғау және күштік құрылым өкілдері — полиция, прокуратура, төтенше жағдайлар департаменті, әскери бөлімдер мен өзге де мекемелердің қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Шаһар басшысы қаланың бейбіт тіршілігі мен тұрақты дамуы – аталған сала мамандарының күн сайынғы жанқиярлық қызметінің жемісі екенін айтты.

Салтанатты іс-шараға түрлі ведомстводан 40-тан астам қызметкер қатысты. Қала әкімі өз сөзінде елге адал қызмет етіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, олардың қоғам тыныштығын сақтаудағы жауапты миссиясын атап өтті. Марапат иегерлері бұл құрметті жоғары бағалап, болашақта да ел сенімін ақтауға бар күштерін салатынын жеткізді.

Салтанатты марапаттау - ел тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген зор құрмет. Күштік құрылымдарда қызмет ету – бұл ерлікке толы жол, айнымас жауапкершілік пен Антқа берілген адалдықтың көрінісі.

 

Все материалы размещенные на сайте tdk42.kz защищены авторским правом и являются собственностью телеканала ТДК-42. Любое копирование возможно с согласия редакции телеканала или с обязательным указанием гиперссылки на источник материала tdk42.kz