25 – қазан Қазақстан Республикасы күнін атап өту шеңберінде Батыс Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылды. Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында құрылысы аяқталған жаңа 420 орындық Б.Момышұлы атындағы мектеп пайдалануға берілді. Мектепті салуға 1,191,1 млн теңге қаражат бөлінген. Ғимараттың жалпы көлемі 5661,87 кв метр.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының 8 елдімекені табиғи газбен қамтылды. Атап айтар болсақ, Әбіш, Еламан, Саралжын және Қызылту, Сексенбаев, Мереке, Қаракөл елдімекендері. Жоба құны: 317,3 млн теңге.
Бұдан өзге Орал қаласында реновация бағдарламасы аясында салынған 4 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Апатты үйлердің орнына салынған түрғын үйден пәтер кілттері тұрғындарға табыс етіледі. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы-3 476 м2, 52 пәтер.
2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы бойынша Кердері көшесі 172, Х.Доспанова көшесі– 73 үй және Мұхит көшесі – 127 үй мекенжайы бойынша абаттандырылған аулалар да қолданысқа табысталды. Жоба бойынша 1906 м2 асфальтбетонды төсем, 185 м2 тұрақ пен 184 м2 тротуар салынған. Сондай-ақ жобаға сәйкес шағын архитектуралық нысандар, жарықтандыру, резеңке жабыны бар балалар ойын және спорт алаңдары, спорттық тренажерлар, беседкалар орналастырылды.