ЗКТ: БҚО-да 3000-нан астам мектеп түлегі грант иегерлері атанды. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 6400-ге жуық түлек мектеп бітірмек. Оның 3189-дан астамы ҚР жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5% - ға өсті. Былтыр грантқа түскендердің пайызы 55% құраған ед(і). Сондай-ақ, басқарма мамандары жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттарына құжат қабылдау басталғанын хабарлады. Конкурсты облыс әкімдігі жанындағы комиссия өткізеді.
((Жанна АБДРАХМАНОВА, БҚО білім басқармасының әкімшілік бөлімі басшысы))