0:00 / 0:00
Шыңғырлау ауданында жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі орман арасынан табылды. Оқиға Шыңғырлау ауылында болған. БҚО ПД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда 1962 жылғы ер адам зорлықпен өлтірілген. Марқұмның денесі ауылдың оңтүстік бөлігіндегі тоғай ішінен табылған. БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, марқұмның кім екендігі мәлім болған. Ол 20 қыркүйекте із-түзсіз жоғалған адам ретінде тіркелген болатын.Оқиға куәгерлері мен қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп, бұған дейін бұрын сотталмаған Шыңғырлау ауданының 1980 жылғы тұрғыны құрықталды. Ол қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.