0:00 / 0:00
Су тасқынынан кейін БҚО-ның экологиялық-биологиялық орталығындағы жануарлар мен құстар өз мекендеріне оралды. Сәйкесінше территорияда сенбілік өтіп, құм толы қапшықтар мен бөгеттер және су тартылғаннан кейін жағада қалған қалдықтар тазыртылды.Өздеріңізге белгілі Шаған өзені тасып, облыстық экологиялық-биологиялық орталыққа қауіп төндірді. Жануарлар мен құстар сол кезде қауіпсіз жерге көшіріліп, 11-ші мамыр күні қайтадан өздерінің мекендеріне оралды. Мамандар 60 жылдан астам тарихы бар орталықты сақтап қалуға бар күшті салдық,- дейді. Алайда тасқын судан кейінгі қоқыс таудай боп үйіліп жатыр. Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгін сенбілік өтіп, аумақты тазарту жұмыстары атқарылды.Шаған өзені жағасында орналасқан зообақта барлығы ірілі-ұсақты 250 жануар, аң-құстар бар. Аптап ыстықта жануарларды күтіп баптаумен қатар, орталық қызметкерлері аумақты тазартуға кіріскен. Бүгін оларға мемлекеттік қызметкерлер де қолдау көрсетті.Сенбілікке 3 ауыр техника жұмылдырылды. Аумақтан 100 тоннадан аса қоқыс шығарылды.