Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зиянкестермен күрес

c 17:55, 25/04/2019 c 1112

Егін мен  шабындыққа  зияны зор шегірткемен күрес биыл да түпкілікті қолға алынады. Мамандардың пайымдауынша, өңірде шегіртке тектес зиянкестердің 100-ге тарта түрі кездеседі. Олардың он шақтысы астық, көкөніс дақылдарына, жайылым мен шабындық жерлерге үлкен залал келтіретін көрінеді. Аса қауіптісі үйірлі шегіртке, соның ішінде итальяндық прус болып табылады.  Биыл облыс бойынша шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары  155, 11 мың гектарда орындалады. Ол итальяндық прусқа қарсы бағытталады. Жыл өткен сайын мұндай жұмыстардың ауқымы артып келеді. Және бұл жұмыстардың географиялық аумағы да кеңейіп келеді. Бұрын  негізінен Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала сынды оңтүстік аудандарда аталмыш шаралар жүргізілсе,   қазір өңірдегі барлық аудандарда улау жұмыстары  орындалады. Мамандардың айтуынша, итальян шегірткесінің биологиялық даму кезеңі 10-12 жылда бір рет айналып соғып тұрады. Мәселен, 1 шаршы метр жерде  8-10 шегіртке дернәсілі болса, бұл жерге өңдеу жұмыстарын дереу жүргізу қажет. Осы орайда айта кеткен жөн зиянкестермен күресудің өз уақыты бар. Ол шегірткенің даму жасына байланысты орындалады. Яғни жол бойы мен алаңқайлардан шегіртке тектес жәндіктерді көрсеңіздер бірден дабыл қақпай тиісті мекелерге хабарласу қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.