Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗИРАТТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

c 09:03, 27/08 c 18

0:00 / 0:00

Зираттарды цифрландыру жүйесі енгізіледі. Енді тұрғындар қайтыс болған жақындары, туыстары туралы дерек көздерін онлайн порталдан көре алады. Бұл туралы Орал қаласының Орталық мешітінде ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы өткізген семинарда айтылды.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанынан салттық қызмет көрсетуге арналған «QAMQOR-SHARAPAT» орталығы ашылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты - қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру. Сондай-ақ, дүниеден өткен адамды ақтық сапарға шығаруда кебіндеу, жуындыру сынды жоралғыларды шариғи тұрғыда жасау орталықтың қызметіне кіреді. Мұндай қызметтер қазіргі таңда Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында бар. Алайда біздің облысқа бұл үрдісті биылдан бастап енгізу жоспарлануда.

Бүгінде елімізде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмау мақсатында Jerleu.kz сайты іске қосылған. Онлайн порталда жерлеу туралы барлық қажетті ақпараттар: зиратты тазалау, көгалдандыру қызметтері, қабір тастарының суреттерімен жерлеуді іздеу, жерлеу орнын таңдау, сондай-ақ, адам қайтыс болған жағдайда қандай алғашқы әрекеттерді жасау керектігі туралы нұсқаулықтар көрсетілген.

Салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Рсмымовтың айтуынша, БҚО цифрландырылып жатырған 13-ші өңір. Жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарындағы зираттарды цифрландырып болған соң платформа толық іске қосылады деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.