Деркөл ауылында зират басынан табылған сәбидің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Естеріңізде болса ағымдағы жылдың 5 наурызында сәбидің өлі денесін мектеп оқушылары тауып алған болатын. Сәбидің денесін иттер талап тастағаны да аян болған еді. Полицейлердің айтуынша, сәбиді зират басына анасы тастап кеткен. Ол 1985 жылғы келіншек болып шықты. Ұзақ уақыт жасалған сараптама нәтижесінде сәби мен анасының сәйкестігі 99,9%-ды құраған.
Баланың өлімінің нақты себебі өзге сараптама қорытындысы нәтижесінде белгілі болады. Сәбидің анасы бүгінгі дейін күдікті болып табылған еді. Мәселен кей сараптамалар біздің облыста жасалмағандықтан Астана, Алматы қалаларындағы қызметке жүгінуге тура келді. Сәбиді тастап кеткен нақты анасы екені мәлім болды. Енді іс сотқа жіберілді.