2019 жылы Орал қаласы аумағындағы жылыжайларда 250 мың тоннаны құрайтын бау-бақша өнімі жиналды. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары хабарлады. Қазіргі таңда 8 кәсіпкер оралдықтар мен облыс тұрғындарын маусымаралық жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету үшін жұмыстанып жатыр. Жалпы жылыжайлардың жалпы аумағы 38 мың шаршы метрін құрайды. Сондай-ақ, былтыр Зашаған кентінде "Орал жылыжай комбинаты" бой көтере бастаған еді. Аталмыш нысанның құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.
Сурет ғаламтордан алынды.