0:00 / 0:00
Облыс аумағында өткен жылыту маусымында 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Жалпы 175 өрт оқиғасы тіркелген. Өңірде жылу беру науқаны 15 қазанда басталады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дайындық жұмыстарын жүргізуде. Өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шараның бірі - тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнату. Бүгінде әлеуметтік осал топтағы 630 отбасы есепке алынып, барлығы 100 пайыз профилактикалық іс-шаралармен қамтылған.
Мереке Жұмағалиевтің айтуынша, өрттердің негізгі себептері келесідей: отты ұқыпсыз пайдалану, электр жабдықтарын, пештерді орнату және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Бүгінге дейін 50-ден астам тұлғаға айыппұл салынған. Айта кетсек, жылыту маусымында департаментпен 4-ші тоқсанда «Әр үйге қауіпсіздік», «Улы газдан сақ болыңыз!», «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциялары өтеді.
Сала өкілдерінің нақтылауынша, өрт қаупі кезеңінде облыс аумағында жалпы ауданы 7050 га болатын 17 табиғи өрт, 90 табиғи жану фактісі тіркеліп, 230 мыңға жуық шығын келген.