0:00 / 0:00
Орал қаласында жылу желілері мен көлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте қала әкімі Мұрат Мұқаев хабарлады. Шаһар басшысының сөзінше тозығы жеткен жылу желілерін жөндеуге мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарының салдарынан қаламыздағы 119 тұрғын үй уақытша ыстық судан ажыратылған. Осынау қолайсыздықтарға байланысты, қала әкімі тұрғындардан түсіністік танытуларын өтініп, кешірім сұрады.