Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?

c 18:39, 21/08 c 15

0:00 / 0:00

Жылдағы әңгіме. Жаздың соңғы айының соңында үкімет жылу беру маусымына дайындық мәселесін талқылады. Әдеттегідей, өңірлер түгел жүз пайыз дайын емес. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндауынша, өңірлер отынды толық қамтымаған. Яғни көмірмен қамту жұмыстары ақсап тұр. Ал алдағы жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмір керек. Әзірге тек 1 млн тонна көмір жеткізілген.

Әкімдер жайдары жазда арқаны кеңге салып жүрген сияқты. Шарлапаевтың айтуынша, жылу беру желілері де толық дайын емес.

Ал санаулы күндерден кейін жаз бітеді. Күрең күз келеді. Бір айдан соң жылу беру маусымы басталады. Ал біздің әкімдер әлі жоспарлап отыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов қысқа уақытта бәріне үлгереміз деген әкімдердің әдемі сөзіне сенбейді.

Премьер-министр Қарағандыда «Qarmet» компаниясының қазандықтарында жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Енді бірінде күрделі жөндеу сол күйі басталмағанын айтты. Ал бұл жағдай теміртаулықтарды жылусыз қалдыруы мүмкін. Маңғыстау облысында да жағдай мәз емес. МАЭК 1-ші жылу электр орталығындағы №4-ші турбинаны күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондай-ақ комбинаттың 2-ші жылу орталығында құжаттар уақытылы дайын болмағандықтан, мердігерді анықтау мүмкін болмай отыр. Тізе берсек, мұндай проблемалар өзге де өңірлерде орын алып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.