Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жыл санап қаламыздағы тұрғын үй жағдайын жақсарту - күн тәртібіндегі басты мәселе

c 00:00, 16/07/2015 c 763

0:00 / 0:00

Ал, оның уақытылы жүзеге асырылуына - "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" мұрындық болары сөзсіз. Қаламыздағы Құраманғазы 110 үйдің тұрғындары көптен бері күрмеуі қиын мәселеге айналған жедел саты жағдайын аталмыш бағдарлама арқылы шешуде. Иә, осыдан беріре күн бұрын қаламыздағы Құрмаңғазы көшесі 108 тұрғын үйдің жедел сатысы "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" аясында жаңа тұрпатқа ие болып, тұрғындарды да біраз қуантқаны ел есінде. Бұл қуанышты сәт аталмыш ауданнан көршілес жатқан Құрмаңғазы көшесі 110 үйге де келіп жетті. Тұрғындар асыға, әрі тосыла күткен жедел саты көршілес Ресей елінің Мәскеу қаласында жасалынғанын айта кеткен жөн. Мердігер компания атынан 3 жылға кепілдік те қарастырылған. Жедел саты құны - 8 млн.397 мың теңгені құрап отыр. Жақын күндері жедел сатының игілігі мен қызығын бүтіндей 42 шаңырақ көрмек көрінеді. Мұндай игі бастамалар әлі де жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.