0:00 / 0:00
Биыл 84 адам коронавирус індетінен дүние салған. Жалпы пандемия басталғалы 252 өлім тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында облыстың бас дәрігері Арман Қалибеков мәлімдеді. Сәуір айының бірінен бастап өңірде аурушаңдық 14 пайызға артқан.
БҚО-да коронавирусты жұқтырған жалпы 16000 адамның тіркелді. Мамандар сәуірдегі аурушаңдық 14 пайызға артқандығын айтады. Күні бүгінге дейін осы індеттің кесірінен 252 адам дүние салды. Марқұмдардың 95 пайызында созылмалы өзге сырқаттар болған.
Сәуір айында вирусты жұқтырған науқастардың саны өсіп жатқандықтан облыстың бас санитарлық дәрігері 18-ші наурызда қабылдаған қаулысына тиісті өзгертулер енгізді. Арысбаевтың бұйрығы 9-шы сәуірден бастап өз күшіне енді. Шектеулерге сәйкес түнгі он екіден таңғы 6-ға дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Баспасөз мәслихатында қос дәрігер коронавирусқа қарсы екпе салу науқанына тоқталды. Шенеуніктердің келтірген дерегіне сүйенсек, күні бүгінге дейін облысқа 20 300 вакцина дозасы келген. Оның 10 150 бірінші компонент болса, қалғаны екінші компонентке тиесілі.
Сәуірдің он үшінен бастап күллі мұсылман қасиетті Рамазан айында Ораза тұтып, құлшылық жасайды. Осы орайда, қос дәрігер сақтық шараларын сақтауды, қоғамдық орындарға, адам көп шоғырланған жерлерге бармауды сұрап отыр.
Сурет 24.kz сайтынан жүктелді.