0:00 / 0:00
Алаяқтың арбауына іліккен тұрғындардың арыз-шағымына сәйкес 2022 жылы 816 дерек тіркелсе, биыл тамыз айындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 529-ды құрайды. Оның 53,4 пайызы интернет-алаяқтық әрекетіне тиесілі. Адамнан айласын асырған пысақайлар өздерін банк пен әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, әлеуметтік желілерде ақша айналымының схемасын жасап, жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруда.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ
БҚО ПД БАСПАСӨЗ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
16 тамыз күні криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Орал қаласының аумағында өзін «Батыс су арнасы» ЖШС мекемесінің қызметкері ретінде таныстырып, егде жастағы адамдардың сеніміне кірген алаяқты ұстады. Бұрын сотты болған азамат Қызылорда облысында қолға түскен.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА
БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Мамандардың айтуынша, алаяқтар келтірген шығын көлемі 289 156 025 теңгені құрайды. Оның 11 млн теңгесі жәбірленушілерге қайтарылған. Сала өкілдері телефон шалған немесе есік қоңырауын қаққан белгісіз адаммен тілдесу кезінде аса сақ болуға шақырады.