0:00 / 0:00
Жыл басталғалы БҚО-да ЖИТС ( жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) індетін жұқтырудың 51 жағдайы анықталып отыр. Оның 37-сі Орал қаласында тіркелген. Бүгінгі күні, диспансердің тіркеуінде тұрған 413 адам тиісті ем алуда. Сала мамандары жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы індетіне шалдыққандар көбіне-көп жыныстық қатынас арқылы жол беріп жатқандарын айтып, дабыл қағуда.Егер тексеру нәтижелері оң болса, науқас барлық емді ақысыз алады.