Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДА

c 16:43, 27/02/2023 c 138

0:00 / 0:00

Озерный жалпы орта білім беретін мектебінің кірпіші 1961 жылы қаланыпты. Құрылысы жарты ғасырдан асып кеткен білім ошағы осы уақытқа дейін бірде-бір күрделі жөндеуден өтпеген. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған мектепте жүздеген бала біліммен қамтылған. Оқу кабинеттерінің сыйқын былай қойғанда, спорт залдың өзі аядай ғана. Тіпті мектептің жүрегіне баланған бір топ ұстаз дәлізде қаз-қатар отырады. Сынып бөлмесіне қажеттілік туындағандықтан мұғалімдер бөлмесі оқыту кабинетіне айналған. Білім ұясының әкімшілігі жағдайымыздан аудан басшылығы хабардар дегенді ғана айтады.

Мектеп асханасы саналатын мына құрқұлтайдың ұясындай бөлмеге оқушылар амалсыздан келіп ауқаттанады. Жауыр болған мәселе төңірегінде сауалдарымызды аудан басшысына қойып көрдік. Бәйтерек ауданының әкімдігі алдағы жылы міндетті түрде жаңа мектеп салынады деп сендіріп отыр. Аудан бойынша мұндай білім ордаларының саны көп көрінеді.

Облыс орталығынан тысқары жатқан Озерный елдімекенінде интернет мәселесі де тұрғындарды мезі қылған. Ауылдық мәдениет үйінің ауласына дейін жартылай желі тартылған. Мұнара орнатылуы тиіс болған. «Басталған істі аяқтауға қауқарсыз ба? Әлде қаражат жоқтың сылтауы ма? Бұл іс созылып кетті»,- дейді ауыл ақсақалы.

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың айтуынша, байланыс операторлары географиялық жағдайға байланысты мәселе туындап отырғанын мәлімдеген. Соған қарамастан, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жауаптылар интернет желісінің тілін табатын мамандар болса, көмегін құп алатынын жасырмайды. Еңселі білім ордасының бой көтеріп, сапалы интернет желісіне қол жеткізу сынды мәселелердің орындалуынан озерныйлық тұрғындар күдер үзген. Алайда ауылдың аға буын өкілдері ең құрығанда біз қызығын татпаған жаңа дүниелердің пайдасын балаларымыз көрсе деген тілегін ғана айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.