Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТЕР СОТЫ

c 21:18, 15/08 c 66

0:00 / 0:00

Даудың басы журналист Данияр Әділбековтың «Ерғалиева Бишімбаевтың абыройын ақтағаны үшін ақша алды»- деген жазбасынан басталды. Журналистің «Бишімбаевтың бұлбұлы» деп аталатын әлеуметтік желідегі жазбасында әйелін өлтірді деген экс-министрдің әкесі Қуандық Бишімбаев «Қазақстан халықтық партиясының» төрағасы Ермұхмет Ертісбаевқа 100 млн теңге бергенін айтады. Ақша Бишімбаевтың абыройын ақтайтын медиа науқанға жұмсалды. Elmedia компаниясының негізін қалаушы Гүлжан Ерғалиева Бишімбаевтың адвокаттарымен болған сұхбаты үшін 10 миллион теңге және «сотты YouTube-та одан әрі жариялағаны үшін» 5 миллион теңге алды деп жазады Данияр Әділбеков. Өз кезегінде журналист Гүлжан Ерғалиева абыройыма кір келтірді деп мақаланың авторын сотқа берген еді.

БЕКБОЛАТ СМАҒҰЛОВ –АДВОКАТ «Ол нақты соманы айтқан жоқ. Бұл мәселе Әділбековтің адвокаттарымен талқыланады. Шығын Мұнда Elmedia Youtube-арнасының қаралымы азайып қалды. Сондай-ақ, оның абыройына кір келтірді. Осы жағдайдан кейін Ерғалиевада стресс болып, ем алуына тура келді. Осы материалдық шығын ретінде есептеледі»

Сондай-ақ автор тағы бір орыс тіліндегі жазбасында «Бишимбаевские шавки забились по норам» және Бишімбаевтың қорғаушыларына кәсіби ортада қол бермейтін болды» деп, тақырыбын жалғастырды. Бұл сөз де Ерғалиеваның намысына тиеді. Бірақ оның ең басты реніші - оны сатылған деп атағаны. Алайда, мақала авторының адвокаттары арызданушылардың Даниярдың жазбаларында жалған мәліметтер бар деген сөздерінен басқа, бұл қылмыстық істе өзге дәлелдері жоқ дейді.

ӘДІЛЖАН МАУЫТҚАНОВ – АДВОКАТ «Негізінде Әділбеков кімнің қанша алғанын айтып, жазғаны үшін кінәлі болып отыр. Ол соманы Әділбековтен басқалар да айтты ғой. Ерғалиева өзі айтқандай 50 –ден 500 мың доллар алды деп жазған»

Ерғалиеваның айтуынша, Әділбековтың жазбаларынан соң оның Elmedia Youtube-арнасы аудиториясының бір бөлігін жоғалтқан, ал Ерғалиева «психологиялық қысымға» ұшыраған. Гүлжан Ерғалиева «Даниярға маған жала жапқанын мойындатамын. Ол кешірім сұрап, өз кінәсін мойындаса және барлық сот шығындарын өтесе кешірем деп отыр. Егер автор Ерғалиеваның талаптарымен келісіп, бітімгершілік келісімге барса сот процесін аяқтауға болар еді. Алайда айыпталып отырған Әділбековтің адвокаттары тайм-аут алуды жөн санады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.