0:00 / 0:00
БҚО-да еңбек және демалыс режимін сақтамаған жүргізушілер анықталып, 3 млн тенгеге жуық айыппұл салынған. Бұл туралы БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары хабарлады. Өңірде 9 қыркүйектен бастап «Тахограф» акциясы басталды. Оның аясында сала өкілдері жолаушыларды, багаж немесе жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы бақылауға алынған. «Қызмет талабы бойынша 8 сағат жұмыстан соң азаматтар демалуға міндетті»,- дейді мамандар. Белгіленген межеден асып, заңнама талаптарын бұзу фактісін анықтаса, көлік құралдарының иесі әкімшілік айыппұл арқалайды. Айта кетсек, акция 9 қазанға дейін жалғасады.