Жобаны талқылау 2019 жылдың 20 қазанына дейін созылады.
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктері мен техкуәліктердің жаңа форматын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің формасы мен үлгілерін бекіту туралы" бұйрығына, жүргізуші куәліктерінің үлгілері мен мәліметтер парағына қатысты екі қосымшасына өзгертулер енгізуді көздейді.