0:00 / 0:00
Медицина саласының жетістігі. Адам жанның маторы саналатын жұдырықтай жүрек тоқтаса өмірдің бұл жақ есігі мәңгіге жабылары баршаға аян. Деседе айықпас жүрек ақауы дертіне шалдыққан жанға өзге жанның жүрегін трансплантациялау арқылы екінші өмір сыйлаған ақ қалатты абзал жандардың бұл қызметіне қалай бас имессің. Мәселен, Теректілік спортшы Асхат Қалешовке осыдан 4 жыл бұрын ота жасалып дертке шалдыққан жүрегі ауыстырыған. Қазір ол өзін өте жақсы сезінеді.Осыдан 4 жыл бұрын Асхаттың науқас дертіне дәрігерлер донор тауып Нұр- Сұлтанда ота жасалған. Яғни, 6 сағат бойы оның өмірін арашалап қалу жолында дәрігерлер бар күшті салған. Спортта жетісттіке жетіп жүрген жас жігіт алғашында өзін нашар сезінгенін айтады.Салауатты өмір салтын ұстанбау, ішімдік пен темекі одан қалды жүйкенің уақытылы тынықпауы жүрекке күш салады. Қазір облыста осындай отаға 6 науқас дайындалуда. Тек донор табылса ем шаралар елордасында жасалады. Асхат қазір техникалық бағытта білім алуда. Жүзу спортын жанына серік еткен. Өміріне араша болған дәрігерлерге алғыстан басқа айтары жоқ. Айта кету керек, қазір Қазақстанда донорлық жүрекпен өмір сүретін 7 адам бар.