0:00 / 0:00
Бүгін Орал қаласында жұмыспен қамту орталығында шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған 30-ға жуық аса мекеме өкілдері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Биыл аталмыш шара осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр.Қажетті мамандықтар тізімінде мұғалім, тәртіп сақшылары, инженер, есепші, заңгер, көлік жүргізушісі, жөндеуші, дәнекерлеуші, сатушы, даяшы, аспазшы т.б болды. Жәрмеңкеге жұмыс іздеген немесе қызметін ауыстырғысы келген 100-ге жуық тұлға қатысты. Шарада қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары шағын несие алып, өз ісін ашу жолдары мен кәсіби даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы кеңес берді. Кәсіпорын өкілдері жәрмеңкеге қатысушыларға мекеменің жұмыс барысын таныстырды. Әр қатысушы қала бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметке қанығып ақылы қоғамдық орындарға жұмыстануға мүмкіндік алды. Аталмыш жәрмеңкеге Данагүл Каримова өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп келіпті. Нәтижесінде 130 түйіндеме жиналып,осынша адамға кеңес берлсе, 58 адам әңгімеге шақырылды. Ал, қалалық жұмыспен қамту орталығы олардың әрі қарай тұрақты еңбекке орналасуын қадағалайтын болады. Өткен жылы ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі арқылы 244 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.