Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ТАЛАБЫ ОРЫНСЫЗ!»

c 09:57, 18/01/2023 c 84

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ақсайда ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы орынсыз дейді. Бұл жайында әкім Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты. Еске сала кетейік, 16 қаңтарда яғни кеше Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы "ККС-СИЧИМ" мекемесінің қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан болатын. Жұмысшылар компания басшылғынан жалақысын 50 пайызға дейін көбейтуді талап етті. Наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан.

Ақсай қаласындағы "ККС-СИЧИМ" мекемесінің қызметкерлері жұмысқа шықпай, жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілдетіп жатыр. 16 қаңтарда бастау алған ереуіл бүгін жалғасуда. Компания басшылығы жұмысшылардың талабына қатысты, еңбекақыларын тек 20 пайызға ғана өсіреміз деген. Алайда, наразы топ бұған келіспей отыр. Ереуілге шыққандар саны 500 адамды құрайды.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің пікірінше, жұмысшылардың талабы орынсыз.

Сичим компаниясының жұмысшылары вахта режимінде жұмыс істейді. 28 күн жұмыс істеп, 14 күн демалады. Әкімнің айтуынша, бұл жердегі жұмысшылардың жалақысы 280 мың теңгеден басталады.

Өз талабын толық орындату үшін қайтпай отырған жұмысшлардың мәселесі үкімет назарында. Вице-премьер Көлгінов өңірге еңбек министрлігі өкілдері кетіп, тексеріс жүргізіп жатыр дейді.

Бүгінде компанияда 3 мың адам жұмыс істейді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, соңғы рет Сичим компаниясы жалақыны өткен жылдың басында 8,5 пайызға көтерген екен. Дегенмен, қымбатшылық қысып жатқанда жұмысшылардың табысын арттыруды талап ету заңдылығын енді тексеріс нәтижесі көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.