0:00 / 0:00
Батыс өңіріндегі Зенит зауыты мен Жайық мұнай жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріндегі жұмысшылар қызметтерінен қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпорын басшылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен кездесуі барысында мәлімдеді. Ал жұмысшылардың нәпақасыз қалмауы үшін мемлекет нақты шаралар қабылдайтын болады. Тамара Дүйсенованың сөзінше, республика аумағындағы 10 мың кәсіпорын басшыларының арнасында арнайы сауалнама жүргізілген. Бұл басшыларлың жартысы дерлік өз қызметкерлерінің санын қысқартпақ ниетте екен. Оралдағы Зенит зауытында да осындай жағдай қалыптасқан. Еліміздің Әскери-теңіз флоты мен шекара қызметіне кеме жасаумен айналысатын зауытта бүгінде тапсырыс азайған. Жағдай оңалмаса зауыт басшылығы 260 жұмысшыны қысқартуы ықтимал.