Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыс жандануда

c 18:17, 27/08/2020 c 449

0:00 / 0:00

Елімізде карантин тағы жеңілдетілген соң қызметіне кірісетін барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа жасауға рұқсат берілмек. Сонымен қатар өңірлік әкімдіктер денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет. Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин 5 шілдеде енгізілген қатаң карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырған еді. Бұған еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанып, қабылданған шаралардың нәтижесін беруі себеп болып отыр. Яғни карантиннен кейін жұмысты қайта жаңарту үшін өңірлік кәсіпорындар InfoKazakhstan электронды платформасы арқылы өтініш берулері тиіс. Бұл баршаға ортақ міндет болып табылады. Күні бүгінге дейін облыстағы кәсіпкерлік нысандарының иелерінен 15 мыңға жуық өтініш Info Kazakhstan электронды платформасына түскен. InfoKazakhstan электронды платформасы кәсіпкерлік қызметті қайта жандандыру мақсатында іске қосылды. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті кері бастауға өтініш бере алады. Мәселен, өткен аптадан бастап қызметін жандандырған «Московсий» сауда үйі мемлекеттік талаптарды толықтай орындағаннан соң жұмысқа кіріскендерін айтады.Бүгінде сауда нысаны арқылы 600 - ден аса адам жұмыспен қамтылып отыр. Айта кеткен жөн барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.