0:00 / 0:00
Бүгіннен бастап Оралда кей тамақтану орындары мен 30 орынға дейінгі ашық жазғы кафелерге сағат 11.00 ден 20.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді. Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі барлық бағыттағы азық-түлік емес дүкендер сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Азық-түлік емес базарлар да сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін ашық болады.Мәселен біз бас тіреген «1001 ұсақ-түйек» базары 17 - ші наурыздан бері жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Екі айдың үстінде жұмыссыз отырған кәсіпкерлер бүгіннен бастап, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жұмысқа кірісті. Саудагерлер тұтынушылар қатарының бұрынғыға қарағанда бәсең екенін айтады.Жағдайға байланысты нысандар біртіндеп қызметін жандандыруда. Киім-кешек саудасына арналған «Тұлпар» базарында да тіршілік жанданған. Кәсіпкерлер біртіндеп жұмысқа орала бастаған.Сондай ақ бүгіннен бастап, туристік компаниялар қызметін бастады. Жұмыс уақыты - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін белгіленген. Білім беру орталықтары, үйірмелер, толымдылығы 10 адамнан аспайтын балалар даму орталықтары -2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жұмыстарын 09.00-ден 16.00-ге жасауға рұқсат берілді.Ал ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының қызметін жандандыруға әлі де қауіп бар. Сол себепті олар жұмсарту шараларының соңғы кезеңінде іске қосылатын насандар тізіміне енгізілген. Айта кеткен жөн, короновирус инфекциясына шалдыққандар 2%-дан аспаған жағдайда ғана барлық кәсіпорындар қалыпты қызметке кіреспек.