Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыс орнынын уақытымен пайдалан

c 17:08, 05/02/2019 c 538

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттің қызметшінің құқығы әрдайым қорғалуы тиіс. Яғни ел дамуы жолында еңбек етуші әр тұлға 8 сағат қызметтік уақытынан тыс жұмыс орнында отырмауы тиіс. Арнайы жүргізілген мониторинг бойынша облыс орталығында бірнеше мемлекеттік мекеме қызметкерлері басшы тапсырмасын орындап кешкі уақыт 6-дан соң жұмыс орнында отырған. Атап  айқанда, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы бойынша бірнеше талдаулар  жүргізілген. Мәселен,   24 облыстық басқарма қызметшілері арасында анонимді түрде сауалнама жүргізіліп,  2112 мемлекеттік қызметшінің 513-і яғни 24,3%  жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында кідіретіндерін көрсеткен. Яғни облыс бойынша  қызметтік уақыттын тыс жұмыс орнын пайдаланған 22 дерек тіркелген. Құзырлы орган өкілдері жұмыскерлермен тілдесе келе, олардың  дені жұмыс орнын өз еріктерімен пайдаланғанын анықтаған.Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында,  Еңбек инспекциясымен кәсіподақ ұйымдары  негізгі шараларды  қолға алуда. Яғни, жоспардан тыс тексерулер сіздің де мемлекеттік мекемеге  жүргізілуі мүмкін. Құқығыңызды қорғай біліңіз.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.