0:00 / 0:00
Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыс орталығына кіретін аумақтарда құрылған 9 блокпосттың жұмыс істеу тәртібі бекітілгенін және олардан кімдер, қандай құжатпен өтетінін тағы да нақтылап айтып берді.Қазіргі таңда қалалық жедел штабқа 632 мекемеден ұсыныстар түскен. Олардың 427-не қызметін жалғастыруға рұқсат берілсе, 205 мекемеге рұқсат берілген жоқ, - деген Абат Шыныбеков қалаға кіретін аумақтарда құрылған блокпосттардан кімдер, қандай құжатпен өтетінін тағы да түсіндіріп өтті.
31 наурыздан бастап облыс аумағында және Орал қаласында карантиндік күшейтілген режим енгізілді. Тұрғындардың жүріс-тұрысына шектеу қойылды. 31 наурыз-1 сәуір аралығында мекеме-кәсіпорын басшыларына қызметкерлерін тиісті анықтамамен қамтамасыз етуге уақыт берілді. Орал қаласы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ұйымдастыру жұмыстары жөнінде қала әкімі мен оның орынбасары облыс халқын тұрақты түрде хабардар етіп келеді. Екі күн ішінде Call-орталық пен іkomek-ке 5000-ға жуық сұраныс-өтінімдер түсті. Сұрақтардың көптігіне байланысты хабарласа алмай жатқан тұрғындар саны көп. Осы орайда жедел штабтың ауқымын кеңейту, яғни қосымша мамандарды жұмылдыру қарастырылуда. Бүгінгі күнге жедел штабқа қаладағы 632 мекемеден жұмыстарын жалғастыру жөніндегі өтінім түскен. 427-сіне рұқсат беріліп, 205 өтінім кері қайтарылған. Кумыска кентіндегі провизор госпиталінде 58 адам, Бәйтерек ауданындағы провизорлоқ стационарда ЖРВИ белгілері бар 8 адам, облыстың карантиндік госпитальге аурумен қарым-қатынаста болған 30 адам жатқызылды.