0:00 / 0:00
Осы аптада Алматыдағы менингит туралы ақпарат әуелі, әлеуметтік желіде таралып, кейін 3 адамның осы кеселден көз жұмғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, аталмыш шаһарда менингит дертіне шалдығуы мүмкін деп тексерістен өткен 47 азаматтың, 15-сінде аталмыш жұқпалы аурумен науқастанғаны анықталған еді. Дәрігерлер менингит жұқпалы дерті ақпан мен мамыр айында кең етек жайып, таралатын уақыты,- дейді. Қазақстандықтардың мазасын қашырған аталмыш кесел биылғы жылы біздің өңірімізде тіркелді ме? Облыстағы жағдай туралы толығырақ, арна тілшісі сабақтап берсін.