0:00 / 0:00
Орал қаласында жұқпалы аурулармен күреске арналған конференция өтті. Жиын барысында дәрігерлер қазіргі эпидемиологиялық жағдайды саралап, пікірлерін ортаға салды.
Дәрігерлер-ұлт саулығына жауапты. Ақ халатты жандар қазіргі жұқпалы індетпен күресу үшін замануи емдеу протоколдарын білу қажет. Осы мақсатта қалалық көпбейінді ауруханада конференция өтті. Оған арнайы елордадан еліміздің штаттан тыс балалар инфекционисті Динагүл Баешева қатысты. Білікті дәрігер әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті. Ол қазіргі таңда балалар арасында көкжөтел, қызылша сынды дерттердің көбейгенін айтады.
БҚО эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова мәлімдеді. Десек те, балалар мен ересектер арасында түрлі вирусты жұқтырып алатындар көп.
Дәрігерлер жұқпалы дертпен күрестің бірден-бір жолы екпе алу екенін еске салады. Екпе салған адамда жұқпалы ауруларға төтеп беретін иммунитет пайда болады.