Қаламызда балалар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында семинар өткізілді. Аталған семинарға бастауыш сынып мүғалімдері мен медициналық қызметкерлер қатысқан болатын. Негізгі қаралған мәселе балалар арасындағы менингока, стрептококк және А вирусының гепатитин алдын алу, болдырмау. Семинар-тренинг барысында ұстаздар мен ақ халатты абзал жандар пікір-таласқа түсіп,жоспарларымен бөлісті.Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері айтуынша бұндай шаралар болшақта көптеп ұйымдастырылмақ .