Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүк көлігі аударылып қалды

c 17:53, 18/06/2018 c 783

0:00 / 0:00

Оқиға "Орал-Ақсай" тас жолының бойында Пойма ауылының қасында тіркеліп отыр. 18-маусым күні түнгі уақытта өндірістік материал тиеген көлік Ақсайға бара жатып темір жол рельсінен жоғары жылдамдықпен өтемін деп аударылып қалған. Абырой болғанда зардап шегушілер жоқ. Қазір оқиға орнында жол сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Жүк көлігі сонау Италиядан Ақсайға бет алған екен. Төтенше апаттың орын алуына жолда темір жол өткелі барын және жылдамдықты тежеу керегін ескерту белгісінің болмауы әсер етті,-дейді жүргізуші. Жүк көлігі құбырлар тасумен айналысқан. Әзірге оқиға орнында жүргізуші өндіріс компаниясы өкілдерін күтіп отыр.

-"Жол бойында темір жол өткелі барын ескерту белгісі 150-300 метр бұрын тұруы тиіс. Ал мына жерде 10 метр қалғанда ғана тұр. Мен жылдамдықты азайтып үлгірмей қалдым. Тежегішті басқанда қатты соққы болып, жолдың жиегіне ұшып түстім",-дейді жүк көлігінің жүргізушісі Александр.

Жол көлік оқиғасы Теректі ауданы Пойма ауылы тұсында түнгі уақытта тіркелген. Жол бойында басқа көлік кездеспегендіктен өзге зардап шегушілер жоқ. Ал көлікке келтіріген шығын ауқымды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.