Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жөндеуге бөлінген қаражат

c 16:40, 21/08/2020 c 428

0:00 / 0:00

Қалалық электр желілер таратушы компанияның басшысы Рүстем Майрановтың сөзінше, 2020 жылға арналған күрделі жөндеу жоспарына 86,6 млн теңге қарастырылған. Бүгінде сол қаражаттың 20 млн теңгесі игерілді. Ал ұзындығы 112 км болатын кабельдік желілерді жөндеу мақсатына 41 млн теңге жоспарланған болса , жоспар әзірге 19,5 млн теңгеге орындалып отыр. Осыдан бөлек электр желілері мен қосалқы станциялары жөндеуді қажет етеді. Рүстем Майрановтың сөзінше, шаһарда түнгі ауысымда екі-ақ жедел жәрдем тобы жұмыс істейтін көрінеді. Мәселен, қаланың о шеті мен бұл шетінде бір сәтте апат бола қалса, бригадалар үлгермей, төтенше жағдайды ауыздықтау қиынға соғады. Сондықтан осы жағдайды шешу кезек күттірмеуі тиіс.
Кәсіпорынның өзекті болыр отырған мәселесі - көлік құралдары мен арнайы техниканың тозып істен шығуы. Шаһардағы желілерді қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 37 техника жұмылдырылса, сол көліктің 25  10 жылдан астам қолданылып келеді екен. Кадр тапшылығы да кәсіпорынның негізгі мәселенің бірі. «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы » АҚ бүгінде 17 қызметкер қажет. Компания басшылығы мұны жалақының төмендігімен түсіндіріп отыр. Негізінен кәсіпорынға монтерлер мен шеберлер сияқты мамандық иелері қажет. Аймақты негізгі энергиямен жабдықтаушы ұйымы «Батыс Энергоресурсы» АҚ мекемеге  550 млн теңгеден астам қарызы бар екені жиын барысында айтылды.
Қала әкімі Абат Шыныбеков кәсіпорынның үздіксіз жұмысын тоқтатпауды тапсырды. Себебі қаланың тіршілігін қамтамасыз етудегі кәсіпорынның маңызы зор екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазір монополияға қарсы департамент электр қуатына тарифті көтеру мәселесін қарастыруда. Нақты шешім жақын күндері белгілі болады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.