Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жөндеу жұмыстары қарқынды

c 17:44, 18/04/2018 c 778

0:00 / 0:00

Оралда жол жөндеу жұмыстары қызу басталып кетті. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, биыл шаһардағы 50 көшенің жолдары қалыпқа келтіріледі. Бұл мақсатқа 7,5 млрд теңге бөлінген. Биыл бірінші болып жөндеуге жабылған көшелердің бірі - осы Ақтөбе көшесі. Жол жөндеушілер аптаның басынан бастап осы маңда тер төгуде. Ал салынар қатқыл жолдың ұзындығы - 747 метр болмақ. Биыл күрделі жөндеу, орта және қайта салу жұмыстарына 38 нысан жоспарланған. Осылайша, Ет комбинаты, екінші жұмысшы шағынауданы, қала орталығы, Зашаған және Деркөл ауылдарының көшелері жөнделмек. Сондай ақ, қалада оң жақ бұрылыстар да пайда болмақ. Бұдан бөлек, жолдағы шұңқырларды жабуға да биыл 300 млн теңге бөлінеді.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.