Шаһарымызда бірінші мәрте "Жомарт жүрек-2017" премиясының иегерлері марапатталды. Жиынға парламент сенатының депутаттары, өнер әлемінде өз қолтаңбасы бар жандар мен туған жерінде еңбек етіп, кәсіп ашып, талай жанға көмек қолын созған жандар болды. Аталмыш шара барысында туған жеріне шама-шарқы келгенше көмектескен, азаматтардың жоқ-жітігін түгендескен кәсіпкерлер арнайы премияның иегері атанып үлгерген еді.