0:00 / 0:00
Биылғы көктем қазақстандықтарды әбігерге салды. Еліміздің басым бөлігінде су тасып, үйлерді басып, мал-жан қырылып, халықты шығынға батырды. ҚазАвтожолдың мәліметінше, республкиалық маңызы бар жолдарды да су шайып, көлік қозғылысына кедергі болды. Тасқын су басталғалы 12 облыстың республикалық маңызы бар 176 жол учаскесі суда қалды. 29 мамырдағы жағдай бойныша Атырау қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 990 метр 2 жолда жол бөлігі арқылы еріген су тасқыны тіркелді, пайдаланудағы учаскелердің жалпы саны 8
Көлік министрі биылғы тасқын суда шайылып кеткен жолдарды жөндеу үшін 28,5 млрд теңге қаржы жұмсалады дейді.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ – ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ «Тасқын су астында қалған 11 жол учаскесі бар, олардың ұзындығы – 33 шақырым. Кейбір жол учаскелерін су шайып кетті, кейбір жолды ағын суды жіберу үшін қолдан бұздық. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша қалпына келтіру құны шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды.Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша 275 учаскені су шайды, оған қосымша 20 млрд теңге бөлінеді. Қазір су басып қатынассыз қалған жол учаскелері жоқ, барлық учаскесі қалпына келтірілді»
Сондай-ақ, ақылы жолдар ақысы өседі. Министр Қарабаевтың айтуынша, көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда ақылы жолдардың ақысы өте төмен. Бүгінде қазақстандық жүргізушілер ақылы жолдардың шақырымына 1 теңге төлейді. Ал ақылы жолдарды күтіп, ұстау үшін қыруар қаражат керек. Ақылы жолдың ақысын өсіре отырып, осы шығынды өтейміз дейді ол.
Министрлік ақылы жолдардың жаңа құны бойынша шешімді алдағы екі аптада жарияламақшы.