Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ҚЫНЖЫЛТАДЫ

c 16:52, 23/05/2022 c 389

0:00 / 0:00

Орал қаласында жол деңгейі халықтың зығырданын қашырған мәселеге айналғалы қашан?! Осы жолы жолдың машақатын көрген Зашаған кентіндегі «Кең дала» шағын ауданы тұрғындары өз наразылықтарын білдірді. Күн райы бұзылса, балшық пен лай су кешкен кеңдалалықтар Зашаған әкімдігінен жауап алуға тырысты.  2000-жылдардың басында жер телімін алып, үй салған халық әлі күнге дейін асфальтты жолға зәру. Күн жылынып, жер құрғаса шаңы аспанға көтеріліп, бұрқырайды, жаңбыр жауса батпағы езіліп, аяқ алып жүретін дені дұрыс жол табылмайды. Көліктері былай тұрсын, жаяу адамға толарсақтан саз кешуге тура келеді. Бұл жағдай әрине халықтың ашу-ызасын туғызбай қоймады. Өткен демалыста шағын ауданның бір топ тұрғыны жиналып, жылдан-жылға артқа шегеріліп келе жатырған мәселенің түйіні қашан шешілірін білмек ниетте Зашаған кенті әкімдігінен жауап алуға тырысты. Бұл жақта жолдан бөлек тағы да қиюы қашқан біраз мәселе бар. Солар ең өзектілерінің бірі - қоғамдық көлік жайы. Үлкен шағын ауданға тек нөмірі екінші автобус қана қатынайды. Бірақ оның да жүру сұлбасы аумақты түгел қамтымай тұр. Шет жақта тұратын тұрғындар тіпті аудан ішіндегі емханаға жете алмаймыз дейді. Қазбалай берсең мәселе үстінен мәселе шығатын «Қазақ ауылының» тұрғындары шыдамымыз әбден таусылды деп отыр. Енді аудан тұрғындары құрылғалы отырған «Жаңа Қазақстанмен» бірге аяқ басатын жаңа жол төселер деген сеніммен әкімдіктен зор үміт күтеді.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.