Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдауды қолдады

c 15:30, 03/09/2020 c 669

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында облыс активінің жиналысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Шектеу шараларына байланысты қатысушылардың көпшілігі онлайн-байланыс арқылы жиын барысына куә болды.Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемиямен күресте жұдырықтай жұмыла білген халқымызға алғысын білдіріп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда ерен еңбек еткен дәрігерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің, еріктілер мен кәсіпкерлердің қызметін айрықша атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтау сияқты негізгі басты міндеттерді айқындады. Пандемия кесірінен болған дағдарыс бүкіл әлемге ауыр соққы болды. Соған қарамастан мемлекет дағдарыс кезінде табыссыз қалған тұрғындарды қолдау шараларын күшейтіп, әлеуметтік жәрдем беруді жалғастырды.Мемлекет басшысы шикізат нарығынан тәуелсіз болатын жаңа жағдайдағы іс-қимыл шараларын қабылданып, жеті қағидатқа негізделген тың бағыттағы экономикалық саясат жүзеге асатынын мәлімдегені белгілі. Елде шағын және орта бизнестегі жалпы ішкі өнімнің үлесі 2025 жылға қарай 35%-ға дейін артуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті  экономиканы құру мүмкін емес. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Осыған байланысты облыс әкімі Ғали Есқалиев бұл бағытта қолға алынған іс-шаралар жөнінде айтты.Жиында «Конденсат» акционерлық қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Фарид Бахтиозин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров,  «Alfa 99» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Марат Каженов, Ақжайық ауданы «Мұқадес» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Сағитов сөз алып, Жолдау ауқымында жүзеге асуы тиіс міндеттемелер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.Мемлекет басшысы тапсырмасымен 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары баспана немесе білім алуға және емделуге зейнетақы қорындағы қаржы бөлігін пайдалана алады. Әкім дерегіне сүйенсек, облыста 26 мың адам үй кезегіне тіркелген. Олардың 75 пайызы – облыс орталығынан. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы ауқымында өңірде 21 көп пәтерлі үй тұрғызылуда. Ауыл-аймақта 139 үй пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Жолдау ауқымында білім, денсаулық, цифрландыру саласы бойынша басты бағыт-бағдарларды атап өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.