Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдау

c 18:23, 02/09/2019 c 997

0:00 / 0:00

Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев  алғашқы жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы маңызды мәселелерді айқындап берді. Тоқаев, азаматтық қоғаммен диалогты күшейту, көпшілікті толғандырған ауыр қылмыспен күресті қолға алу, тиімсіз ұлттық компаниялар санын азайту, білім, мәдениет, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын өсіру, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларын мемлекеттік қолдау, зейнетақы қорындағы қаражатты халыққа өз мүддесіне жұмсауға мүмкіндік беру мәселерін қамтып өтті. Парламенттің алтыншы шақырылымының бесінші сессиясына қатысқан тілшіміз Әселім Қалкен толығырақ баяндайды.

Парламент палаталарының  бірлескен отырысына құда күткендей дайындық болғанын аңғардық. Жазғы демалыстан оралған депутат мырзалар мен ханымдар жұмысты сағынып қалғандары көрініп тұр, әбден сайланып келіпті. Бұл жолы Парламент жұмысының басталу сәті де ерекше болды.

Жолдауда айтылған мәселелерге  толығырақ тоқталсақ. Мемлекет басшысы Ұлттық банкке зейнетақы жинақ қорындағы қаражатты қазақстандықтарға өз мүддесіне жұмсауға мүмкіндік беруді тапсырды.

Президенттің мұндай шешім қабылдауына бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына деген халықтың сенімінің жоғалуы себеп болуы мүмкін. Енді Ұлттық банктің алдында үлкен міндет тұр.

Сондай-ақ, Президент осымен мемлекеттік тіл-қазақ тілін дамыту мәселесін екінші рет көтерді. Тоқаев өз жоладуында қазақ тілі ел ішінде ұлтаралық тілге айналуы тиіс деген ойын жеткізді.

Президенттің халыққа жоладуында ауыр қылмыс түрлері бойынша жазаны күшейту мәселесі көтерілді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көбейіп отырғанын айтты.Броконьерлік үшін де жазаны қатайтуды тапсырды.  Бұл орайда үкіметке тиісті заңнаманы күшейтуді жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қр президенті

Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне басымдық жасалды. Шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы кедергілерді жойып, шағын бизнесті алдағы үш жылда 3 жылға салықтан босату көзделіп отыр.

 Сондай-ақ, бизнеске берілетін несиенің пайыздық үстемақысын азайтуды тапсырды ел Президенті. Тоқаев елдегі баға саясатын да назарға алды. Осы орайда әуе қатынастары мен темір жол билеттерінің шарықтап тұрғанын сынап, құзырлы органдарға бағаны реттеуді тапсырды. Мемлекет басшысы елде соңғы кезде жиі орын алып отырған наразылық шерулеріне қатысты да тапсырманы жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев митинг өткізуге ыңғайлы орындар белгіленуі керек деді.

Саяси аренада партиялар саны артады. Көппартиялық елде халықтың көкейіндегі мәселелер ескерілетін болады. Мемлекет басшысының Президент ретіндегі алғашқы жолдауы ерекше болды деп отыр сарапшылар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлер тәркіленетін болады деді.  Президенттің айтуынша, мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде "латифундистер" қатары көбейіп келеді.

Ел Президенті саны көп сапасы жоқ мемлекеттік қызметкерлер санын алдағы жылдары 25 пайызға қысқартуды тапсырды. Және мемлекеттік органның жұмысын қайталап отырған ұлттық компаниялардың санын да азайту қажеттігін айтты. Енді үкімет тиімсіз холдингтердің жұмысын майшаммен қарайтын болды.  Жолдауда мәдениет, білім саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру, денсаулық сақтау саласын дамыту да айтылды. Қорғаныс министрлігіне әскерді күшейту жүктелді. Сөзін қортындылаған Президент реформаның бәрі сөз емес, іс жүзінде жүзеге асқанын талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.