0:00 / 0:00
«Атырау-Орал» бағытындағы тас жол қайтадан жаңғыртудан өтетін болады. Өздеріңіз білетіндей бұл бағыттағы республикалық маңызы бар тас жолда жол көлік оқиғасы жиі болады. Сол себепті алдағы уақытта Ақжайық ауданына дейінгі жолдың ені ұзартылмақ. «Жол сапасы – адалдық алаңы» атты жоба мүшелерінің бас қосуында айтылды. Батыс Қазақстан облысында күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын арнайы зертхана мамандары анықтап жатыр. Бұл жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Жол сапасы – адалдық алаңы» атты жобасы аясында атқарылып келеді. «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары мен мониторингтік топ өкілдері айына бірнеше мәрте құрылыс басына барып, тиісті сынамалар алған. Тиісті мекеме басшылары бұл тұрғыда жұртшылықты белсенді болуға шақырады. Осы орайда өңірде жол құрылысын жаңғыртуға соңғы жылдары 1,8 триллион теңге бөлінген. Осы орайда мониторингтік топ өкілдері шаһардағы жол құрылысының жұмыстарына көңілдері толмайтынын жеткізді. Атап өтсек, жаяужолдар құрылысындағы кей кемшіліктер мамандар назарына ілікті. Сала мамандары алдағы уақытта «Орал-Атырау» бағытындағы тас жолды жаңғырту жұмыстары жүргізілетінінде мәлім етті. Осы орайда жанын шүбереке түйіп жүретін жолаушылар мәселесі алдағы уақытта түбегейлі шешілмек. Дегенмен нақты жұмыстардың қашан басталары әлі де болса белгісіз.