0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысы аумағында қатты боранға байланысты бірнеше мәрте жолдар жабылған болатын. Әсіресе, «Қазавтожол» ЖШС нің қызметкерлері тәулік бойы атқа қонып жолдарды қардан тазалау шараларын қолға алды. Бүгінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қайтадан жолдар жабылғанмен де, айтарлықтай мәселе жоқ дейді жауапты мамандар. Бүгінде барлығы 66 техника жол бойындағы қарды тазалауға күш салуда.Өткен жылдың соңында «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» күре жолын күрделі жөндеуден өтіп, аталмыш маңызды жолдарда бірқатар мәселе болған еді. «Қазавтожол» ЖШС қызметкерлері бар күшті осы жолға салып, ондағы қар жиналатын орындарды анықтауға тырысты. Сонымен қатар, Сырым кеден бекетіндегі кептеліс те қалың қар мен қолайсыз ауа-райының салдарынан орын алғаны белгілі. Осы жылдан бастап, бұған дейін «Техстроой» қызметі кеден бекетіндегі қар тазалу жұмыстарын өз мойынына алып, бүгінде трасса толықтай тазартылып мәселе бір жақты болған.