Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жолдағы жемқорлық»

c 19:45, 06/03/2020 c 559

0:00 / 0:00

Соңғы 3,5 жылда жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлық  бойынша 100 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дәстүрлі брифингінде мәлім болды. Жемқорлықпен әшкерленгендер ішінде «ҚазавтоЖол» және «Казавтодор» ұлттық компанияларының лауазымды тұлғалары бар. Осы уақыт ішінде  көліктік бақылау инспекциясының 38 лауазымды тұлғасы және жол саласының 19 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке  тартылды.

Сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекеттік органдардың арасында индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі төртінші орында тұр.  Бұл министрліктен 20 адам сотталды. Көбінесе басшылық қызметте отырғандар жемқорлыққа бейім болып тұр. Бұл салада көліктік бақылау инспекциясы мен мекемеге қарасты ұйымдардың қыземткерлері жемқорлық қылмысын жасағаны мәлім болды. Лауазымды тұлғалар автокөлік жолдарын жөндеу, қайта салу жұмыстарына қатысты атқарылған актілер бойынша кедергі жасамау үшін пара алып отырған.

Жемқорлықпен күресіп жатқан агенттік өкілдерінің айтуынша,  қомақты ақшаға қызыққан тасымалдаушылар  жүктің бектіліген нормасын сақтамайды. Осы жағдайда  еш бақылаусыз өту үшін пара беру, ауыз жаласу орын алады. Бұл мемлекетке екі есе шығын келтіруде. Бір жағынан қазынаға ақша түспейді, екінші жағынан сапасыз жолдар тез істен шығып жатады. Мысалы, Алматы облысында тым көп жүк тасыған білдей бір ұйымдасқан қылмыстық топ  жұмыс істеген.Басшының орынбасары ай сайын 6 млн теңге пайда көріп отырған. Етек жайған жемқорлықты тек әлемдік тәжірибені қолданып ғана жоя аламыз дейді, жемқорлықпен күресушілер.

Олжас Бектенов - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары; «Адами факторды алып тастау керек. Бизенс осыған аса мән бергені жөн. Біз білеміз жол үстінде алаятақпен адам тұрса, ол жерде жемқорлық бар сөзсіз. Өкінішке орай. Мойындау керек. Біз татарстанның тжәірибесін зерттеп көрдік. Онда ескерту атвоматты түрде келеді. Бізге керегі осы»

2010 жылдан бері жемқорлықтың тамырын кесу үшін саланы  арнайы автоматтандыру жүйесі қолға алынғанды. Жол үстінде көліктік бақылау инспекторларының қатысуынсыз автоматтандырылған режимде көліктердің  жүк тасымалдау нормаларын бұзушылықты анықтайтын болады дегенді. Алайда, құзырлы орган бұл жүйені  әлі енгізе алмай  отыр.

Самат Ғылымов - ҚР индустрия және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің көлік комитетінің төрағасы; «АҚШ-та 8 тоннадан артық жүгі бар көліктерді жүргізбейді.Себебі мемлекетке жол салу қымбат. Бізде 10 тоннаға дейін. Қазір Қазавтожолмен жоба әзірленіп жатыр. Талапкер жолында енгіземіз. Ол жерде адам тұрмайды, таразы тұрады. Жолда келе жатқан көлік белгіні көріп, салмағын өлшейтінін білетін болады»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.